$ 494.87  520.65  4.91

«Жынымды келтірмеңізші» деп желіде аты шыққан шенеунік жаңа қызметке тағайындалды

Жұманғарин бұған дейін журналистің сұрағына «Жынымды келтірмеңізші» жауап беріп, желіде қызу талқыланған. Кейін өз сөзі үшін көптен кешірім сұрады.
Фото: Vlast.kz
Фото: Vlast.kz

Серік Жұманғарин Қазақстан Республикасы атынан Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі (министр) болып тағайындалды, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің ресми сайты.

«Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2019 жылғы 21 мамырдағы шешімімен Серік Жұманғарин Еуразиялық экономикалық комиссияның Қазақстан Республикасы атынан Еуразия экономикалық комиссиясының мүшесі (министрі) болып тағайындалды және Еуразиялық экономикалық комиссияның басқарма құрамына кірді», –  делінген хабарламада.

Сәуір айында Серік Жұманғарин ұлттық эконоимика вице-министрі қызметінен босатылды. Өзінің мансабында монополияға қарсы басқарма төрағасы, өңірлік даму вице-министрі, монополияға қарсы комитеттің аймақтық бөлімдерін басқарған.

Айта кетейік, Жұманғарин бұған дейін журналистің сұрағына «Жынымды келтірмеңізші» деп жауап беріп, желіде қызу талқыланған. Кейін өз сөзі үшін көптен кешірім сұрады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары