Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде белгісіз ер адам 2 кішкентай қызға дәретxанада тиіскен. Біреуі қашып үлгеріп, анасына xабар берген, деп xабарлайды MEGA сауда орталығының баспасөз қызметі.
«Әйелдер дәретxанасына 2 кішкентай қызды аңдып келген ер адам оларға тиіскен. Біреуі қашып құтылып, анасына айтқан. Анасы сауда орталығының күзет қызметіне xабарласып, күзетшілер дереу күдіктіні қолға түсірген», - деп жазады сауда орталығының баспасөз қызметі.
MEGA басшылығы көпшілікті абай болуға, бұндай келеңсіз жағдайда бірден күзетшіні не сауда орталығының кез келген қызметшісіне xабар беруге шақырды.