$ 449.3  489.69  4.89

Түркістан облысындағы тасжолда болған жол апатынан 4 адам көз жұмды

Оқиға орнында Kia автокөлігіндегі 3 адам тіл тартпай кеткен. Ал 1-еуі ауруxанада көз жұмды.
24.kz
24.kz

23 мамыр күні Келес ауданы «Жетісай - Жібек жолы» тасжолында жол көлік оқиғасы болды, деп xабарлайды Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Шымкентке бара жатқан Audi 100 көлігі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Kia маркалы автокөлігіне соққан. 

Оқиға орнында Kia автокөлігіндегі 3 адам тіл тартпай кеткен. Ал 1-еуі ауруxанада көз жұмды. 

Қазір ҚР ҚК «Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуға» қатыста сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары