25.05.2019, 11:24

Назарбаев ауызашар берді

«Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жиналған қауымды, барлық қазақстандықтарды Рамазан айымен құттықтады», - деп жазды Айдос Үкібай.

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қасиетті Рамазан айының 19-күні ауызашар берді.

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter-парақшасында жазды.

«Бүгін Елбасы ауыз бекіткен жамағаттың құрметіне арнайы ақ дастархан жайып, ауызашар берді. Нұрсұлтан Назарбаев жиналған қауымды, барлық қазақстандықтарды Рамазан айымен құттықтады», - деп жазды Айдос Үкібай.