Ержан Максим жеңісін қазақ еліне арнады, деп хабарлайды SN.kz тілшісі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Жас әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, жеңісін халқына арнаған. Ұлтын сүйген жас өрен құдайға шүкіршілік етіп, еліне алғысын жеткізді.
«Біріншіден Аллаға шүкіршілік етемін. Екіншіден ата-анама, бауырларыма, xалқыма қолдауларыңыз үшін көп раxмет айтамын. Сонымен қатар, басқа елдердегі қолдаушыларым үшін алғысым шексіз. Менің жеңісім - қазақ елінің жеңісі», - дейді Ержан Максим.
Қатарластарына арманымыз орындалу үшін еңбектенейік деп жөн сілтеген Ержан Максим ешқашан берілуге болмайтынын айтты. Сонымен қатар, құттықтауларға алғысын жеткізуді де ұмытпады.
«Барша мендей өсіп келе жатқан жас дарындарға айтарым: "Армандар орындалады, тек ол үшін еңбек ету керек, алға тартылу керек. Бірақ осы тұста жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді, соған қарамастан берілмеу керек" дегім келеді. Баршаңызды жақсы көремін, құшақтадым, құттықтауларыңызға көп раxмет!», - деп жазды Ержан Максим.