Жаңа оқу жылынан бастап оралдық оқушылар мектеп асханасында электронды төлем жасай алатын болады, деп хабарлайды "Экспресс-К" газеті.
Smart school жүйесін әзірлеушілер оның мемлекет қаржысын үнемдеп, ата-ана тарапынан ас мәзірі мен сапасын бақылауға мүмкіндік беретіндігін алға тартады.
Қосымша арқылы жұмсалған қаражатты есептеп, ыңғайлы мәзірді таңдауға мүмкіндік бар. Смарт картамен сондай-ақ әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларының тамағына бөлінген қаражатты бақылауға да ыңғайлы.
Аталған смарт-жүйені мектеп асханасын жалға алатындар орналастыруы қажет. Оның құны 300-400 мың теңгенің арасында. Ал смарт карта 400 теңге тұрады.
Бұл жүйе әзірге тек облыс орталығында қолданысқа енгізілмек.