Жаңалықтар 27.05.2019 сағат 16:40  270

Қарағандыда аударылған батуттың иесі өрт сөндіру бөлімінің бұрынғы бастығы болған

Батут ресми түрде шенеуніктің зайыбының атына тіркелген. Алайда, оны орнату, пайдалану және тасымалдау бойынша барлық ұйымдастыру мәселелерімен бұрынғы шенеуніктің өзі айналысқан.
Қарағандыда аударылған батуттың иесі өрт сөндіру бөлімінің бұрынғы бастығы болған
Фото: 74.ру
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қарағанды қаласының орталық саябағында аударылған батуттың қожайыны Абай қаласындағы өрт сөндіру бөлімінің бұрынғы бастығы болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиғаға себеп болған батуттың қожайыны бұрын Өрт сөндіру қызметінің бастығы қызметін атқарғаны белгілі болды. «Ол бұрын Өрт сөндіру қызметінің бөлімшелерінде жұмыс істеді. Абай қаласында орналасқан өрт сөндіру бөлімінің бастығы қызметін атқарды. 20 мамырда ол жұмыстан босату туралы рапорт берген», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, батут ресми түрде шенеуніктің зайыбының атына тіркелгені де анықталған. Алайда, оны орнату, пайдалану және тасымалдау бойынша барлық ұйымдастыру мәселелерімен бұрынғы шенеуніктің өзі айналысқан. Батут заңды немесе заңсыз орнатылғаны төңірегінде де көптеген сұрақтар туындады. Бұл мәселеге қатысты мәдениет, демалыс саябақтары мен гүлзарлар басқармасы ер адамның паркке батутты алып келіп, өз бетінше орнатқанын мәлімдеген.

Үрмелі аттаркцион иесінен басқарма қызметкерлері рұқсаттама қағазын сұрағанда, ол келісімшарт құжаттарын үйінде ұмытып кеткенін айтқан.   Х. Мақажанов атындағы Қарағанды облыстық травматология орталығының жетекшісі Ерік Шонбаев аталған оқиғадан зардап шеккен балалар туралы айтты. «Бүгінгі таңда балалардың жағдайы тұрақты, тұрақты-ауыр. Саябақта барлығы бес адам зардап шекті. Олардың біреуі Жедел жәрдем келгенше көз жұмды, төртеуі Қарағанды қаласының травмоорталықтарына жеткізілді. Әзірге балаларды палатаға ауыстыру туралы айту ерте. Балалар жан сақтау бөлімінде, дәрігерлердің жіті бақылауында болады», - деді Ерік Шонбаев.

Естеріңізге сала кетейік, 25 мамыр күні Орталық мәдениет және демалыс саябағында батут аударылып қалған болатын. Оқиға салдарынан 11 жасар бала көз жұмды. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.  

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар