$ 498.34  519.72  4.85

Науқастың асқазанынан бірнеше қасық, пышақ, тіс щеткасы алынды

Үндістанның Манди округінде дәрігерлер науқастың асқазанынан тұрмыстық заттарды тапты.
Фото: Russian.alibaba.com
Фото: Russian.alibaba.com

Есімі белгісіз ер адам ішінің қатты ауырып тұрғанын айтып, дәрігерге қаралады. Лала Бахадура Шастри атындағы мемлекеттік медициналық колледждің дәрігерлері науқасқа рентген түсірілімін жасаған. Оның асқазанында бөгде заттар бары анықталды. Науқасты дәрігерлер шұғыл отаға жіберді. 

Ота кезінде мамандар науқастың ішінен жеті кіші темір қасық, екі тіс щеткасын, екі бұрағыш құрал, кішкентай пышақ алды. Олар науқастың осындай заттар жұтып аман қалғанына таңғалды. 

Дәрігерлер науқас «пика» дертімен ауырады деп болжады. Бұл дертпен ауыратындар барлық затты жей береді. Олар зат пен жейтін тағамды ажырата алмайды.  

Қазір науқас ауыр жағдайда. Интенсивті ем алуда. Дәрігерлер біраз уақыттан соң жағдайы оңалады деп сендіріп отыр.

Дереккөз: Stan.kz

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары