Есімі белгісіз ер адам ішінің қатты ауырып тұрғанын айтып, дәрігерге қаралады. Лала Бахадура Шастри атындағы мемлекеттік медициналық колледждің дәрігерлері науқасқа рентген түсірілімін жасаған. Оның асқазанында бөгде заттар бары анықталды. Науқасты дәрігерлер шұғыл отаға жіберді.
Ота кезінде мамандар науқастың ішінен жеті кіші темір қасық, екі тіс щеткасын, екі бұрағыш құрал, кішкентай пышақ алды. Олар науқастың осындай заттар жұтып аман қалғанына таңғалды.
Дәрігерлер науқас «пика» дертімен ауырады деп болжады. Бұл дертпен ауыратындар барлық затты жей береді. Олар зат пен жейтін тағамды ажырата алмайды.
Қазір науқас ауыр жағдайда. Интенсивті ем алуда. Дәрігерлер біраз уақыттан соң жағдайы оңалады деп сендіріп отыр.
Дереккөз: Stan.kz