АҚШ-тың Флорида штатында корольдік питон дәретханаға кіріп, ер адамның қолын шағып алды, деп жазады Stan.kz.
Оқиға жексенбіде, 26 мамырда болды. 52 жастағы ер адам дәретханаға барып, унитаздың қақпағын көтерген кезде оның қолын жылан шағып алған.
Жәбірленушіге шұғыл түрде көмек көрсетілді, ал ұзындығы 1,2 метр болатын питон ветеринарлық клиникаға тапсырылды. Бірақ, оны шаққан жыланнан инфекция табылды.
Корольдік питон – бұл ұзындығы 1,2 – 1,5 метр болатын зәрсіз жылан. Ол адамдарға қауіп төндірмейді, сондықтан көбінесе оны үй жануарлары ретінде ұстайды.