30.05.2019, 11:41

Басшылықтағы қазақстандықтар саны артуы мүмкін: Сапарбаевқа Shell компаниясы тағы қандай уәде берді

фото: Primeminister.kz
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев «Shell» концернінің Қазақстандағы төрағасы Оливье Лазармен кездесу өткізді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметкері Қанат Құлшыманов SN.kz тілшісіне.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев «Shell» концернінің Қазақстандағы төрағасы Оливье Лазармен кездесу өткізді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметкері Қанат Құлшыманов SN.kz тілшісіне.

Тараптар кадрларды даярлау, кәсіпорынның әлеуметтік жауапкершілігі және өндіріс пен инфрақұрылымдық ортаның қауіпсіздігі мәселелерін талқылады. Тараптар одан әрі өзара іс-қимыл жасауға дайын екендерін білдірді.

Б. Сапарбаев «Shell» компаниясының Қазақстан Республикасы Үкіметімен ынтымақтастығының көп жылғы сындарлы тарихын атап өтті.

Өз кезегінде О. Лазар Еңбек министріне компания қабылдаған қазақстандық кадрлардың біліктілігін арттыру және ұлттық кадрлардың, оның ішінде басшы лауазымдардағы қызметкерлердің үлесін арттыру стратегиясы туралы айтып берді.

Министр компания жүргізіп отырған жұмысқа оң баға берді.

«Бізге Қазақстанда оқытпайтын мамандықтарды оқыту керек. Біздің мамандарды оқыту қажет. Бұған мемлекет қана емес, бизнес те көмектесуі тиіс", - деді ол.

Концерн басшысы сындарлы ынтымақтастықты әрі қарай жалғастыру үшін бірқатар ұсыныстар айтты.

Б. Сапарбаев ұсыныстарды қарауды тапсырды және олардың бір бөлігі еңбек заңнамасы, адам капиталын дамыту және ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі жанынан құрылған Шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері бойынша жұмыс тобы шеңберінде өз шешімін тапқанын атап өтті.