$ 494.87  520.65  4.91

«Сот шешімі күшіне енсе, отставкаға кетемін»: Дәленов қызметкерінің істі болуына байланысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықта айыбы ашылған қарамағындағы қызметкерлері үшін бірінші басшылардың жауапкершілігінің қажеттігі туралы айтқан еді.
Фото: Ruspekh.ru
Фото: Ruspekh.ru

ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов қарамағындағы қызметкерінің істі болуына байланысты өзінің отставкаға кету мүмкіндігіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Сенатта тілшілер ведомство басшысынан ҚР ҰЭМ департаментінің бұрынғы директоры Асланбек Жақыповтың алаяқтық бойынша кінәлі деп танылауына байланысты қандай іс-қимылдар жасайтындығы туралы сұрады. «Сот шешімі күшіне енсе, отставкаға беремін. Мұны дұрыс тәжірибе деп санаймын. Бұл өз кезегінде бірінші басшысының моральдық міндеті. Ал бірінші басшысының кінәсі қаншалықты екенін оны жоғары тұрған басшылық айқындайтын болады», - деді Р. Дәленов сауалға жауап бере отырып.

Бұдан бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықта айыбы ашылған қарамағындағы қызметкерлері үшін бірінші басшылардың жауапкершілігінің қажеттігі туралы айтқан болатын.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары