Жедел іздестіру шаралары барысында ҰҚК Алматыда граната мен оларды тұтандыратын жабдықтарды саудалап жүрген үш жігітті ұстады, деп хабарлайды SN.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2019 жылғы 28 мамырда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қылмыстық топтың үш қатысушысы «А», «Р» және «М» сегіз «РГД-5» граната жүйесін және оларға тоғыз тұтандырғышты өткізбекші болған кезінде ұсталды», - деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.