Директорге әкімшілік шара қолданылды. Полиция департаментінің xабарлауынша, оқиға мектеп аумағында болғандықтан басшылық жауапқа тартылады. Оған 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін. Материал жергілікті әкімдік пен облыстық білім басқармасына жіберіледі.
Айта кетейік, 12 жасар бала футбол ойнап жүрген кезінде үстіне қақпа құлап, бас сүйегі сынған болатын. Оған жергілікті дәрігерлер ота жасап, аман алып қалды.
Қазіргі уақытта баланың жағдайы бірқалыпты.
Дереккөз: Inform.kz