Елорданың ЕXPO Конгресс орталығында Қазақстан бойынша алғаш рет Comic Con Astana фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды SN.kz тілшісі.
Фестивальге келушілер тамаша көріністерге куә болып, ерекше әсерге бөлене алады.
Фестивальдің алғашқы күні Ne Prosto Orchestra симфониялық оркестрі «Игра Престолов», «Хоббит», «Звездные воины» сияқты танымал сериалдар мен фильмдердің әндерін орындады.
Іс-шараға Disney, Marvel, Wargaming, Turner, Nickelodeon және Sony Pictures Entertainment сияқты әлемдік брендтер қатысқан. Аталған шараның аясында бірнеше орындар жұмыс істейді. Танымал кейіпкерлермен танысып, қызықты сұрақтар қою үшін кино-павильоны қойылған. Негізгі сахна, автограф-сессия залы, үстел ойындары мен халықаралық студиялардың кибер аймағы жұмыс істейтін болады.
Ертең «Игра престолов» сериалының жұлдызы Йохан Филип келеді деп күтілуде. Актердің шығармашылық табынушылары үшін баспасөз конференциясы мен автограф-сессиясы өтеді.
Ал Фестивальдің соңғы күні Ninety One тобының концерті жоспарланған. Оған кіру ақылы. Билет құны 1500 – 3500 теңге аралығында.