№3 перинаталдық орталықта босанған Динара Нарханова үш ұлды өмірге әкелді. Жасанды ұрықтандыру жолымен жүкті болған келіншек балаларының есімін Икрам, Ислам және Имран қойыпты.
Бұған дейін бір қызы бар отбасының перзенттері осылайша, төрт балаға көбейді.
Ал, екінші үшемді босанған Сайера Туклиева 29 жаста. Кесарь тілігі арқылы екі қыз бен бір ұлды өмірге әкелген жас ананың үйінде тағы үш перзенті бар. Үшемнің есімдері Фатима, Исмайл, Зухра.
«Қазіргі таңда нәрестелердің барлығының жағдайы жақсы. Бастапқы кезде салмақтары аздау болғандықтан, оларды дәрігерлер қарауына алды. Бұдан былай әр отбасына медбике бөлінетін болады», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Мұқан Егізбаев.
Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде үш үшем дүниеге келген.
Дереккөз: Inform.kz