03.06.2019, 14:50

Нұр-Сұлтанда 9 жастағы қыз сауда орталығындағы бассейнге батып кетті

Фото: Tengrinews.kz
Қыз бала №10 мектеп-гимназиясындағы достарымен шомылуға келген. Бассейнде 30 шақты бала шомылып жатқан.

9 жастағы қыз «Хан Шатыр» сауда орталығындағы бассейнге батып кетті. Оқиға бүгін сағат 11:30 шамасында болған, деп хабарлайды Хабар 24. 

Қыз бала  №10 мектеп-гимназиясындағы достарымен шомылуға келген. Бассейнде 30 шақты бала шомылып жатқан. 

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ҚР ҚК «Балалардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету үшін жауапкершіліктердің жеткіліксіз болуы» бабы бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.