Шекарашылар Қырғызстаннан жарты тонна үйрек еті контрабандасының жолын кесті деп хабарлайды Қазақстан ҰҚК шекара қызметі.
«Қарасу-авто» бақылау-өткізу бекетінде (қазақ-қырғыз шекарасы) осы жылдың 18-қарашасы күні 23 сағат 40 минут шамасында 1989 жылы туылған «Бақтияр» есімді Қазақстан азаматы ұсталды.
«Оның «Ауди-100» автомашинасын қарау кезінде оның жүк салғышынан салмағы 50 кг болатын құс еті табылды (үйрек еті). Жүргізуші оған қатысты ілестірме құжаттарын көрсете алмады»,-делінген хабарламада.
Ұстау материалдары Жамбыл облысының Қарасу поселкесіндегі ветеринарлық қызметіне берілді.