Жаңалықтар 04.06.2019 сағат 17:51  127

Үкімет басшысы 2023 жылы ауыз су мәселесі толық шешілетінін айтты

ҚР Үкіметінің басшысы елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту және сумен жабдықтау мәселесінің маңыздылығын атап өтті, аталған мәселені шешу халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға тікелей әсер етеді.
Үкімет басшысы 2023 жылы ауыз су мәселесі толық шешілетінін айтты
Фото: qamshy.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елді мекендерді сумен қамту және су бұру мәселелері қаралды, - деп хабарлайды tengrinews.kz .

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде баяндады, сондай-ақ Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың баяндамалары тыңдалды.

Сонымен қатар, мәселені қарау барысында сумен жабдықтау және су тарту секторына белсенді түрде қатысатын ұйымдардың өкілдері сөз сөйледі.

Шымкент қаласындағы "Су ресурстары - маркетинг" ЖШС жеке су арнасының қадағалаушы кеңесінің төрағасы А. Орман халықаралық қаржы ұйымдары салған инвестициялардың нәтижесінде азаматтарға ұсынылатын қызметтердің сапасы артқанын айтты. 2010 жылдан бастап 2 МВТ бойынша күн және су қуаты станциялары салынып, пайдалануға берілді, 947 шақырым сумен жабдықтау желісі және 67 шақырым кәріз желісі реконструкцияланды. Цифрлық технологияларды қолдану арқылы ауыз суды өндіру және тасымалдау тәсілдері жаңғыртылды. Бүгінде тазарту нысандары автоматты режимде басқарылады.

"Салынған инвестициялар тұтынушыларға дейін суды үздіксіз беруді қамтамасыз етуге, сондай-ақ, экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес ағын суларды толықтай тазартуға жол ашты. Нормативтік-техникалық шығындар 2,4 есеге қысқарды. 1 щаршы метр суды өндіруге жұмсалатын электр энергиясының шығындары 12 есеге қысқарды", - деді А. Орман. 

Өз кезегінде, Еуропа қайта құру және даму банкі өкілдігінің директоры Агрис Прейманис ТКШ секторы Қазақстандағы ЕҚҚДБ жұмысының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Еліміздің өңірлерінде іске асырылып жатқан сумен жабдықтау және су тарту секторына 30 миллиардтан аса теңге инвестицияланды. Бірлесіп атқарған жұмыстың нәтижесінде ауыз су сапасы жақсартылды, су беру көлемі ұлғайтылды, шығындар төмендетілді, жеткізілген суды есепке алу пайызы артты және т.б. А. Прейменистің айтуынша, осыған ұқсас жұмыс сумен жабдықтау, су тарту, кәріздік тазарту нысандары салаларында қызмет көрсететін басқа компанияларда жүгізілуі мүмкін.

Қорытындылай келе, ҚР Үкіметінің басшысы елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту және сумен жабдықтау мәселесінің маңыздылығын атап өтті, аталған мәселені шешу халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға тікелей әсер етеді.

"Қабылданып жатқан шаралар 2023 жылы халықты ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз ету мәселесін шешуге жол ашады", - деді ҚР премьер-министрі Асқар Мамин. 

Алматы және Қызылорда облыстарында ауылдарды ауыз сумен қамтудың жоғары пайызы белгіленген. Өз кезегінде, Жамбыл, Қостанай және Павлодар облыстарының әкімдіктеріне аталған бағыттағы жұмысты жандандырып, ауылдарды сумен тұрақты түрде қамтамасыз ету шараларын күшейту тапсырылды.

"Әкімдіктер жұмысының нәтижелігінің жаңа көрсеткішін анықтау қажет – бұл халықтың таза ауыз суға қолжетімділігін қамтамасыз ету", - деп Асқар Мамин, ауылдық, топтық су таратқыштарды жақсарту мақсатында осы функцияларды Ауыл шаруашылығы министрлігіне өткізу мәселесін пысықтауды тапсырды.

ҚР премьер-министрі 2023 жылы қалалар мен ауылдарды сумен жабдықтаумен жүз пайыз қамтамасыз ету мақсатында өңірлік жоспарларға түзетулер енгізіп, барлық сумен қамту нысандарын пайдалануға беру шараларын қабылдауды тапсырды.

Қалаларда кәріздік тазарту нысандарын (КТН) салу және жаңғырту жұмыстарын жеделдетуге жекелей көңіл бөлінді. Бұл бағытта КТН жобаларының инвестициялық тартымдылығын арттыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көптеген халықаралық қаржы институттары осыған ұқсас жобаларды қаржыландыруға қызығушылық танытып жатыр. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин халықаралық тәжірибені ескере отырып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында қаржыландыру тетіктерін пысықтауды тапсырды.

"Елбасының Қауіпсіздік кеңесінің отырысында азаматтардың тұрмыс сапасын, қолайлылығын жақсарту, қала немесе ауылдық жер екеніне қарамастан, халықты сапалы ауыз сумен қамту және сумен жабдықтау бойынша алға қойған міндетін орындау қажет", - деді Асқар Мамин. - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерге жұмыс сапарлары барысында беріліп жатқан, қалалар мен ауылдарды сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша ауқымды жұмыстарды атқаруымыз керек".
 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар