$ 494.87  520.65  4.91

Ресейлік әйел Air Astana бортында шылым шекті

4 маусым күні ««Air Astana» авиакомпаниясының өкілі Шереметьево-Нұр-Сұлтан»  бағытындағы бортта әкімшілік құқық бұзған жолаушы бар екенін полицейлерге хабарлаған.
Фото:  Life.ru
Фото: Life.ru

«Шереметьево-Нұр-Сұлтан» авиарейсіндегі ресейлік жолаушыны полицейлер әкімшілік құқық бұзғаны үшін ұшақтан түсіріп алды, деп хабарлайды транспорттық полициясы департаментінің баспасөз қызметі. 

 4 маусым күні ««Air Astana» авиакомпаниясының өкілі Шереметьево-Нұр-Сұлтан»  бағытындағы бортта әкімшілік құқық бұзған жолаушы бар екенін полицейлерге хабарлаған.

Құқық қорғаушылар борттан 34 жастағы Ресей Федерациясының азаматын шығарып алды. Оған әкімшілік құқық бұзғаны үшін 50 АЕК  (63 125 теңге) көлемінде айыппұл салынды. 

Әкімшілік полиция департаменті басқармасының бастығы Жасұлан Байкенов биыл 26 мың адам әкімшілік құқық бұзғанын айтады. Олардың 1894-і қоғамдық орында шылым шеккен. 

Дереккөз: NewTimes.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Эйр Астана