06.06.2019, 09:40

«Ішінен ұрып, шашынан сүйреген»: Сәуле Әбединованы ІІБ алдында сабап тастады

Коллаж: SN.kz
Ең сорақысы, осының бәрін Наурызбай ІІБ-ден шыққан екі жігіт және Сәулені үйінен алып шыққанда бетіне маска киіп тұрған жас жігіт ұялы телефондарына түсіріп тұрған.

Күні кеше ғана көпбалалы аналар құқығын қорғап жүрген Сәуле Әбединованың үстінен қылмыстық іс қозғалды деген хабар желіде желдей есіп кетті. Кейін адвокат Абзал Құспан өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында тележүргізушіні оншақты әйел сабағаны жайлы ақпарат жариялады. 

«Қазір ғана Сәулемен хабарластым, телефоны жоқ, сіңлісінің нөмерінен хабарласты. Ішкі істер департаменті деп, орта жолдан Наурызбай ІІБ-ге алып кеткен. 

2 сағаттай ұстап, басқа есіктен шығарған. Ол жерде алдын-ала дайындалып тұрған оншақты әйел Сәулені балағаттап, тиісіп, соққыға жыққан, атап айтқанда ішінен ұрып, шашынан сүйреген, бірақ бетінен ұрмаған! 

Ең сорақысы, осының бәрін Наурызбай ІІБ-ден шыққан екі жігіт және Сәулені үйінен алып шыққанда бетіне маска киіп тұрған жас жігіт ұялы телефондарына түсіріп тұрған. 

Қазір Сәуле үйінде, телефоны жоқ, сағат 18.00-де Түрксіб аудандық ІІБ-не шақыртып жатыр. Дереу үйіне барғандарың, ІІБ-не жалғыз жібермегендерің жөн!», – деп жазды адвокат Абзал Құспан.