24 жастағы келіншек жігітінің өзге қызбен отбасы құратынын айтып, көптен кеңес сұрады, деп жазады Alashaynasy.kz.
«Мен сіздерден ақыл-кеңес сұрасам деймін. Қазір жасым 27-де.18 жасымда тұрмыс құрдым. Ол неке сəтсіз болды. Күйеуімнен 3 қызым бар. Содан 1 жарым жылдан кейін бір бойдақ баламен көңіл қостым. Ол мүлдем үйленбеген. Бірге жүргенімізге 5 жыл болды. Арада бір ұлымыз бар.
Бір-бірімізге қатты бауыр басып қалыппыз. Енді ол басқа қызға үйленбекші. Мен не істесем болады?
Маған да таныстар арқылы бір жігіт сөз салып жатыр. Тұрмыс құруға ұсыныс жасады бір жігіт. Басым қатып кетті. Жүрген жігітім «ешкімге тимейсің» дейді. Ол үйленсе мен не істеймін? Ақыл - кеңес беріңіздерші», – деп жазды ол.