Мексикалық кәсіпқой боксшы Сауль Альварес пуэрториколық Мигель Коттоны жеңіп, WBC чемпионы атанған кейін қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен кездесуге дайын екенін айтты.Бұл туралы «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі «Геннадий GGG Головкин» тобы жазды.
– Мен ешкімнен қорықпаймын. Егер сіздер Геннадий Головкинмен кездесуімді қаласаңыздар, мен онымен дәл қазір жұдырықтасуға дайынмын, – дейді Канело.
Айта кетейік, Пуэрто-Рика елінің атақты кәсіпқой боксшысы Мигель Коттоны жеңіп WBC тұжырымының орта салмақтағы жаңа чемпионы атанды. Енді ол 15 күннің ішінде қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесу керек. Егер жекпе-жектен бас тартса, белбеуінен айырылады.