Жаңалықтар 06.06.2019 сағат 15:09  177

Шымкентте жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан әйелді көлік қағып кетті

Көлік жүргізушісі көлік әйнегіне күннің шағылысуынан жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан әйелді байқамай қалғанын айтты.
Шымкентте жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан әйелді көлік қағып кетті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

5 маусым күні Желтоқсан көшесінде жаяу жүргіншілер жолында бесінші үлгідегі «БМВ» автокөлігі 1970 жылғы әйелді қағып кетті, деп жазады Otyrar.kz.

Көлік жүргізушісі көлік әйнегіне күннің шағылысуынан жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан әйелді байқамай қалғанын айтты.

Зардап шеккен әйел бас және аяқ жарақатымен жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында анықтаушылар жұмыс істеуде.

Жергілікті тұрғындардыің айтуынша, бұл жерде жол апаты жиі орын алады екен. Олар Еңбекші аудандық әкімдігіне жасанды кедергілерді орнату үшін бірнеше рет жүгінген. Мұндағы жаяу жүргіншілер жолағы көмескіленіп кеткен. Қайта жаңартуды талап етеді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар