«7-арнадан» шығатын «Өз ойым» бағдарламасына Жұлдыз есімді бойжеткен алаяқ жігітке қалай тап болғанын айтып, оған несие әпергенін жеткізді.
Бойжеткен жігітімен былтыр мамыр айында танысқан.
«Жақсы көргенімнен шығар, алаяқ екенін білмей қалдым. Жұмысымда проблема болды деді, маған көмектесші, несие әперші деді. Егер ақшаны уақытында берсе, неге көмектеспеске дедім.
Үйленуді күзге қалдырғанбыз. 2 млн теңге несие алып бердім», – дейді Жұлдыз Айтбекқызы.
Бұнысымен қоймай, жігіт аянышты көріну үшін анасынан айрылып қалдым деп те алдапты. Тіпті, қыздың анасы көңіл шайға шақырғанда еңіреп тұрып жылаған да екен.