23.11.2015, 04:49

Көкшетауда терроризмді насихаттаған ер адам анықталды

egemen.kz

Қылмыстық атқару жүйесінің (ҚАЖ) қызметкерлері құқық қорғау органдарының құрылымдарымен бірлесіп радикалды экстремизм мен терроризм идеяларын таратып жүрген ер адамды анықтады, деп хабарлады Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінен.

 

«ЕЦ-166/23 мекемесінің қызметкерлеріне ұрлық жасады деген күдікпен ұсталғандардың бірі терроризмді насихаттаумен байланысты тағы бір қылмыс жасады деген ақпарат келіп түсті», - деді Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЕЦ-166/23 мекемесінің басшысы Арман Қасымов.

«Бұл ақпаратты құқық қорғау органдары мұқият тексеріп, ол расталды. 22 жастағы облыс тұрғыны ҚР ҚК  256-бабында қарастырылған қылмысты жасағанын мойындады. Тергеу амалдары басталды», - деді А. Қасымов.