$ 444.22  476.38  4.82

Шымкент қаласында жарылыс болып, өрт шықты (ВИДЕО)

Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өрттің орын алғанын растады.

Шымкент қаласында жарылыс болып, өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ. 

Нақтырақ айтқанда, Шымкент қаласы аумағына қарайтын Мәртөбе ауылында жол бойында орналасқан жанар жағармай құю бекеті маңында сағат 11.15 шамасында жарылыс болып өрт шықты. 

«Тілсіз жау көшеге қарай жақындап барады. Ол жерде газ құю, жанар жағар май құю бекеті бар» дейді куәгерлер. 

Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өрттің орын алғанын растады. 

«Өрттің жалын күші соншалықты кондиционер қосылып терезесі түгел жабық тұрған көліктегі біздің бетімізге ыстық леп келді», дейді өрт кезінде сол маңнан жүріп өткен куәгерлер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Шымкент