Жаңалықтар 07.06.2019 сағат 17:38  500

Мемлекет Суханбердиеваны 40 мың долларға шетелде оқытқан

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық бюро білім және ғылым министрінің орынбасарына қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді. Артынша министрдің орынбасары екі айға тұтқындалды.
Мемлекет Суханбердиеваны 40 мың долларға шетелде оқытқан
Фото: Sputniknews.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бірнеше күн бұрын тұтқындалған Қазақстанның білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева 2 жыл бұрын даудың ортасында қалған еді. Оған шенеуніктің АҚШ-та білім алуы себеп болған. Белгілі болғандай, министрдің орынбасары шетелде білім алу үшін мемлекеттен 40 мың доллар (15 млн 300 мың теңгеден аса) көлемінде қаржы жұмсалған, деп хабарлайды Stan.kz.

2017 жылы БАҚ-та Суханбердиеваның «Болашақ» стипендиясына иеленгені хабарланған еді. «Хабар 24» арнасының мәліметінше, оның шетелде білім алуына мемлекеттік бюджеттен 40 мың доллар (15 млн 300 мың теңгеден аса) жұмсалған. 

Артынша өзге басылымдарда Суханбердиеваның стипендияға заңсыз иеленгені, тізімде оның есімі жоқ екені жазыла бастады. Сол кезде оны жақтаған «Халықаралық бағдарламалар орталығының» басшысы Жанболат Мелдешов тестілеудің және қүұжаттарды тапсыру процесінің қалай өткенін түсіндіріп берген еді.

Орталық басшысы Жанболат Мелдешовтың сөзінше, байқаудың алғашқы екі кезеңінен өткендердің тізімінде вице-министрдің есімі болмаған. Себебі ол тестілеуден өз қаражатына өтіпті. Ал орталықтың сайтында топтық тестілеуден өткендердің тізімі жарияланады, дейді ол. 

«Эльмира Амангелдіқызының Беркли университетінен алған шақыртуы бар. Сондықтан ол бірінші кеезңнен өтті. Екінші кезең – қазақ тілін білуі. Онда екі нұсқа бар. Топпен немесе өз есебінен жеңе тапсырады. Эльмира Амангелдіқызы сертификат алып келіп, «Қазтест» тестілеуінен өз есебінен өтті. 135 ұпай жинады. Өту ұпайы 150-дің 75-ін құрайды», - дейді Мелдешов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық бюро білім және ғылым министрінің орынбасарына қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді. Артынша министрдің орынбасары екі айға тұтқындалды.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар