$ 498.34  519.72  4.85

Байзақова қалыңдық көйлегін неге кигенін айтты?

Алайда танымал блогер "жыл тойының" жай ғана әлеуметтік тәжірибе екенін неке қию рәсімінде жайып салды.

Байзақованың үйлену тойын жұртшылық тағатсыздана күткен болатын. Бойжеткеннің  достары әлеуметтік желілерде шақырту билеттерімен суретке түсіп, халықты екі ойлы етті. Алайда танымал блогер "жыл тойының" жай ғана әлеуметтік тәжірибе екенін неке қию рәсімінде жайып салды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айжан күні кеше тойына дайындалып жүрген сәттерін видеоға түсіріп, барша жұртты таңғалдырған. Дегенмен неке қию сәтінде тойдың да, сырға салу рәсімінің де жалған екенін жайып салды.

Бойжеткеннің тойына жиналған қауым бұл жайттан хабарсыз болған екен. Тіпті блогердің жақын достары Айжанның әрекетін естіп, таңданып қалды.

 

Байзақова өз кезегінде мұның әлеуметтік тәжірибе болғанын ашып айтты.

 

"Маған барлығы сен жалғызбасты анасың деп жазады. Бірақ мен сенің ұлың бар болса, сен жалғыз емессің деп ойлаймын. Менің орнымда жүрген қаншама қыздар бар. Олардың күйеулері жоқ. Бірақ балалары бар. Мен оларды қолдап, балалар өмірдегі ең үлкен бақыт екенін айтқым келеді. Достар, мен тұрмысқа шықпаймын. Бұл әлеуметтік тәжірибе. Осылайша жұртшылықтың көңілін өзімізге аударғымыз келді. Біздің қолымыздан келді", - деді Айжан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары