$ 449.58  486.94  4.86

Головкин нокаутпен жеңістен кейін «Канелоны» жекпе-жекке шақырды

Осылайша, Головкин карьерасындағы 39-шы жеңісіне жетті, оның 35 кездесуін нокаутпен аяқтаған. Роллс карьерасында алғаш рет жеңілді және бірінші рет нокаутпен.
Фото: Sputniknews.kz
Фото: Sputniknews.kz

Қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) канадалық Стив Роллсты (19-1, 10 КО) жеңгеніне қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек аралық салмақта (74,4 келіге дейін) өтті және Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасындағы бокс кешінің басты оқиғасы болды. Кездесу төртінші раундта аяқталды.

Осылайша, Головкин карьерасындағы 39-шы жеңісіне жетті, оның 35 кездесуін нокаутпен аяқтаған. Роллс карьерасында алғаш рет жеңілді және бірінші рет нокаутпен.

«Барлық жанкүйеріме алғыс білдіремін. Қарсыласыма да, ол өзін жақсы көрсетті. Бірнеше раунд жұмыс істеге мүмкіндік бердім, өзін көрсете алу үшін.

Оның соққылары ауыр. Дегенмен мен оларды қатты сезінбедім. Мен нокауттарыма оралдым. Бұл менің стилім.

Өзімді жиырмаға толмағандай сезінемін. DAZN келісімі, жанкүйерлер мен көреремендер қолдауы. Бұл сый, алғысымды білдіремін.

Енді кіммен жұдырықтасқым келеді? Бәрі біледі. «Канеломен». Қыркүйекке дайынмын. «Канелоға» айта барыңдар. Жекпе-жек өтеріне сенемін.

Альвареспен екі жекпе-жекте жақсы тәжірибе жинадым. Қорытыныды жасадым. Үшінші жекпе-жек басқаша боларына сенімдімін.

«Канелоны» жеңіп, белбеулерді қайтару? Сондай маңызды емес. Жеңгім келеді, ал белбеулер маңызды емес», - деді Головкин рингте тұрып.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сайлау2019