Кезектен тыс өтіп жатқан президент сайлауында жалпы дауыс берушілер саны 11 947 995 адамды құрады. Нұр-Сұлтан уақытымен 14:00-дегі жағдай бойынша елдегі сайлаушылардың 51,8%-і дауыс берді, деп хабарлайды Stan.kz.
Өткен 2015 жылғы президент сайлауында дәл осы уақытта дауыс беруге келгендер саны 68,48%-ті құраған болатын.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін, 9 маусым, Қазақстан Республикасында президент сайлауы өтіп жатыр. Мемлекетте үш сағат ішінде халықтың 12,8%-і дауыс беріп үлгерді. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев жастар мен билікті бір-бірін қолдауға шақырды.
Мұнымен қатар, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев та Оқушылар сарайына барып дауыс берген болатын. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек дауыс беру учаскесіне отбасымен бірге барды. Бұдан өзге түскі сағат он екіге дейін халықтың 35 процентінің дауыс беріп үлгергені белгілі болды.
Бас прокуратура бюллетеньмен суретке түскендерге айыппұл салынатынын ескертті.