$ 448.89  477.93  4.76

Қасым-Жомарт Тоқаев 70 пайыз дауыс жинады

«Республика бойынша 12 мың сайлаушы сауалға жауап берді. Қазақстанның барлық аймақтарындағы 300 сайлау учаскесінде респонденттерден жауап алынды», - деді ол.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Еxit poll нәтижесі бойынша бүгін Президенттің кезектен тыс сайлауы барысында сайлаушылардың 69,94 проценті кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген. Бұл туралы елордада өткен брифингте «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Талғат Қалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Exit poll нәтижесі бойынша кандидаттарға дауыс былайша бөлінді: Жамбыл Ахметбеков -   3,06 процент, Дания Еспаева - 4,78 процент, Әміржан Қосанов -  14,96 процент, Төлеутай Рахымбеков - 2,71 процент, Амангелді Таспихов  - 2,63 процент, Қасым-Жомарт Тоқаев -  69,94 процент, Сәдібек Түгел - 1,92 процент», - деді брифингте «Жастар» орталығының басшысы.  
Талғат Қалиевтің айтуына қарағанда, Exit poll бүгін таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін жүргізіліп, онда сайлау учаскесінен шыққан әрбір бесінші сайлаушы сұралған. 

«Республика бойынша 12 мың сайлаушы сауалға жауап берді. Қазақстанның барлық аймақтарындағы 300 сайлау учаскесінде респонденттерден жауап алынды», - деді ол.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары