$ 443.85  474.3  4.8

«Түнде қышиды»: 27 жастағы қызылордалық келіншек еркектік парызын атқармайтын күйеуіне ренішін айтты

«Айтайын дегенім баламды босанғаннан кейін жұбайым маған жақындамай қойды. Қатты ұялып отырмын. Бірақ түнде қышиды. Ваннаға кіріп, суды ыстық қып, астында тұрамын. Жылап аламын».
Фото: Psychologies
Фото: Psychologies

Тұрмысқа шыққанына 2 жыл болған қызылордалық келіншек төсек ләззатын сезіне алмай жүргенін айтып, жұрттан кеңес сұрады. Бұл туралы ол Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшалардың бірінде жазды. 

«2017 жылы тұрмысқа шықтым. Алғашында бәрі жақсы еді. Күйеуіме сүйіп қосылдым. Арамызда бір ұл бала бар.

Айтайын дегенім баламды босанғаннан кейін жұбайым маған жақындамай қойды. Қатты ұялып отырмын. Бірақ түнде қышиды. Ваннаға кіріп, суды ыстық қып, астында тұрамын. Жылап аламын. 

Ажырасайын десем, баламызды ойлаймын. Зина жасасам өзімді кешірмеймін. Төркініме не бетіммен барамын? Ағайын-туыс күндеп, мені тыныш отырғызбайды ғой. Шаршадым. Не істесем болады? Төсек қатынасын басқа немен алмастыруға болады»,  – деген ол көпшіліктен кеңес сұрады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары