Оралда жыл басынан бері 12 адамның суға кеткені анықталды, деп жазады ibirzha.kz.
7 маусым күні құтқарушылар Елизова көшесіндегі Орал өзеніне батып кеткен 1999 жылғы азаматты іздеу шарасын ұйымдастырды. Марқұмның денесі 10 маусым күні сағат 18:30-да табылды.
Бұдан басқа 8 маусым күні сағат 21:25-те жедел-құтқару жасағы «Самал-3» шағынауданындағы Шаған өзенінен 50 жастағы ер адамның денесін сыртқа алып шықты. Кейін оның спирттік ішімдік ішкені анықталды.
Айта кетейік, былтыр Оралда 10 адам суға кеткен. Олардың 2-еуі кәмелет жасқа толмағандар.