Жаңалықтар 11.06.2019 сағат 13:01

Қаржы министрі бюджет қаражатын игере алмағандарды атады

Ең көп игерілмеген сомалардың Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш министрлігінде (10 млрд теңге), Орталық сайлау комиссиясында (8 млрд теңге), Қорғаныс министрлігінде (4,6 млрд теңге), Қаржы министрлігінде (4,6 млрд теңге) және Жоғарғы сотта (4,3 млрд теңге) екені анықталды
Қаржы министрі бюджет қаражатын игере алмағандарды атады
Фото: Vlast.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов бюджет қаражатын игере алмаған әкімшіліктерді атады, деп жазды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, республикалық бюджет шығыстары 4 трлн 894 млрд теңгеге игерілді. «Өткен жылдың 5 айымен салыстырғанда шығыстардың көлемі 1 трлн 209 млрд теңгеге өсті. Атқарылмаған сома 59 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 10 млрд теңге үнемделген және 49 млрд теңге игерілмеген. Ең көп игерілмеген сомалардың Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш министрлігінде (10 млрд теңге), Орталық сайлау комиссиясында (8 млрд теңге), Қорғаныс министрлігінде (4,6 млрд теңге), Қаржы министрлігінде (4,6 млрд теңге) және Жоғарғы сотта (4,3 млрд теңге) екені анықталды», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Игерілмеудің негізгі себептері ретінде министр мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру, конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу, орындалған жұмыстар актілерін уақтылы ұсынбау, қазынашылық органдарына тіркеуге шарттар мен қосымша келісімдердің кеш ұсынылғанын айтты.

«Республикалық бюджетте өңірлерге 1 трлн 638 млрд теңге нысаналы трансферттер қарастырылған. Есепті кезеңде оларға 407 млрд теңге бөлінді. Оның 97,9%-ті игерілді. Атқарылмаған 8,5 млрд теңгенің 1,5 млрд теңгесі үнемделді және 7 млрд теңгесі игерілмеді. Неғұрлым көп игерілмеу: Нұр-Сұлтан қаласында - 1 млрд теңге, Жамбыл облысында - 0,9 млрд теңге, Батыс Қазақстан және Түркістан облысынтарында - 0,7 млрд теңгеден, Ақтөбе облысында- 0,6 млрд теңге. Оған төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың ұсынылмауы, жұмыстардың бекітілген кестеден қалуы, конкурстардың өткізілмеуі себеп болған», - деді Әлихан Смайылов.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар