11.06.2019, 16:30

Теміртауда тауық етінен екпе инесі шықты

almaty.tv
Теміртау тұрғыны тауық сорпасын қайнатып жатып, арасынан екпе инесін тауып алды.

Жергілікті өндіріс орны өнімнің ішінен шыққан екпе инесін зұлымдық ойлаған бәсекелестерінің әдейі жасағаны деп отыр, деп хабарлайды 31 арна.

«Бұдан кейін қалай тауық етін сатып алуға болады. Бұл  – тіпті кешірілмейтін жағдай. Инені онда қалай жіберуге болады. Өздері тексерсін, ақылы болғандықтан, тексеруге берген жоқпын»,  –  дейді тұрғын Гүлнәр Ілдебаева.

Қазақстанның құс өндірісі кеңесі Қазақстан мен Белоруссияда шығарылатын өнімдерге екпе салмайтынын айтады. Мұндай әрекетке кейбір ресейлік және украиналық сатушылар баратын көрінеді. Сонымен қатар, шетелдік өндіріс орны жергілікті маркамен де өнім шығаруы мүмкін деген дерек бар.

Өндіріс компаниясында аталған өнімге екпе салынбайтынын және тауар сертификатталған түрде келетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, олар өнімнің түгел адам қолымен қорапқа салынатынын, барлық мемлекеттік талап ескерілетінін айтты.

Олар сатып алушыларға тауарды дүкенде тексеріп алуға, күмәнді жағдайда тұтынушылардың құқығын қорғау үшін басқармаға, ішкі тексеріс жүргізуі тиіс өндіріс орнына хабарласуға кеңес берді.

Тегтер: ине тауық еті