$ 494.87  520.65  4.91

Танымал жайдарманшы: «Ринат Зайытов та өз рөлін жақсы атқарды»

Халықтың қамы үшін шырылдап жүрген айтыскер ақынды неге әртіске теңеді?
Фото: ernur.kz
Фото: ernur.kz

Танымал жайдарманшы Нұрболхан Шарапов сайлаудан кейінгі жағдай туралы пікір білдірді, - деп хабарлады ernur.kz.

Ол айтыскер Ринат Зайытовты биліктің тапсырмасын орындаған актерға теңеп, сомдаған рөлін жақсы атқарып шыққанын айтады. Бұл туралы әзілкеш инстаграмдағы өз парақшасына жазба қалдырған болатын.

«Иә, сайлау әділ өткен жоқ. Себебі, біраз әшкере видеолар өзі-ақ желіге қалқып шықты. Мен ешкімді жақтамаймын. Ешкімді даттамаймын. Жеке пікірім. Келіспесеңіздер, қарсы пікір қалдыруға міндетті емессіз. Ринат Зайытов та өз рөлін жақсы атқарды. Билікті жамандап жақсы «очко» жинай отырып, бәрін сайлауға баруға үгіттеді. Тапсырма сондай еді. Қайтейін, енді елімізді жақсы жаққа, жарқын болашаққа жетелейтін басшы болсын....»,- деп жазба қалдырды.

Ал, сайлауда Президенттікке үміткер Әміржан Қосановты да сол театрдың кезекті бір мүшесі деп танып, бүгінге дейін оның халықты басқарып көрмеген адам екенін алға тартты.

«Сенген қойым сен болсаң болды ма? Қосановты сайлаудан кейін таппай қаласыңдар деп қасымда жүргендердің бәріне айтқанмын. Қосанов Президент болса, енді не істеймін деп қалатын адам ғой. Досьесін қарау керек, халық басқарып көрген адам ба өзі?» - деп жазды Нұрболхан Шарапов.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары