$ 449.58  486.94  4.86

6 тәсіл: төсек ләззатын сезіну үшін не істеу керек?

Ұмытылмас түндерді бастан кешіргіңіз келсе, қарапайым ғана 6 тәсілді жадыңызға тоқып алыңыз!
Фото: Vinegret.cz
Фото: Vinegret.cz

Оңаша отауда бір-біріне тән қалауларын ашып айта алмайтындарға бұл кеңесіміз өте қажет, деп жазады ernur.kz.

Ерлі-зайыптылар оңаша отауда барынша сезімдеріне ерік беріп, бір-біріне естен кетпестей тәтті шақты сыйлағысы келеді. Алайда, бірсарынды қалыптан шыға алмай жүрген ерлі-зайыптылар үшін бүгін ашық тақырып өткізбекпіз. Өйткені, бір-біріне тән қалауларын ашып айта алмайтындарға бұл кеңесіміз өте қажет. Әрбір отбасылы адам төсек қатынасынан алатын әсердің жаңарып отырғанын қалайды. Осылайша жатын бөлме майданындағы құштарлық сезімін бір-біріне ғашық жұп ұмытылмас сәтке айналдыра алады.

Ол үшін біз ұсынған 6 кеңес арқылы жыныстық қатынастан ұмытылмас әсер алуға ұмтылыңыз.

Төсек қатынасының ең тәтті сәтінің шарықтау шегі 13 минутқа ғана созылады екен. Одан кейін серігіңіз қанша керемет шебер болса да, миыңыз ештеңені қабылдамайды.

Сондықтан да біздің берер 6 кеңесіміздің мақсатын ұғып алыңыз, сізге әр жыныстық қатынастан жаңа әсер алуға көмек береді деген ойдамыз.

1.Жұптардың бірі екіншісіне тәуелді болу

Әсіресе ер адам төсек майданында басымдықты алатын, әйелдің кез-келген дене қалпына келісе беретін, сонымен қатар ләззат алу барысында үнсіз ғана, бар тізгінді еркекке ұстата салмайтын әйелдерге құштар болады. Ләззатты сезіну барысында еріксіз шығатын дыбыстардан ұялып, оған майдай жағатын тәтті сөздерді айтудан қысылмаңыз. Өйткені, ер адамдарға мейлінше «табынуды» сездіретін мұндай дыбыстар оларға қатты ұнайды. Барынша, толығымен берілгендігіңізді білдірген сайын оның құштарлығы арта түседі. Жиі ыңырсып, құмарлана шымшып, мүмкіндік болса, айқайлауға да болады. Еріңіз сізді ләззаттың шарықтау шегіне жеткізетіндей әрекет жасап жатқандығына риза болады. Егер төсек қатынасын бастамас бұрын еркекке оны қатты қалайтындығыңызды жеткізе білсеңіз, оның сізге деген құштарлығы бір мезетте-ақ лаулай жөнеледі. Содан соң оның емін-еркін қимылдауына мүмкіндік жасап, толықтай беріліңіз. Өз бетіңізше еш қимыл жасамаңыз. Осылайша серігіңізге де, өзіңізге де ләззат сыйлауға болады. Айтпақшы, «Мен оргазм алмайынша, тоқтай көрме» деп сыбырлағаныңыз оның өз-өзіне деген сенімділігін арттыра түседі.

2.Төсек қатынасының «ЖАБАЙЫ» түрі

Жаңбыр құрттары «69» тәрізді дене қалпында жыныстық қатынасқа түседі. Ал аралар ауада қалқып тұрып-ақ тірліктерін жасайды. Бұл жәндіктердің жыныстық қатынастарына мысал. Хайуандардың құштарлығы бірін-бірі тістелеп бастап, махаббат ойынына ұласуынан байқалады. Сол сияқты құштарлықтың құшағында есі кетіп, денесіне толықтай ерік беріп, хайуандарша қимылдардан ләззат алатын адамдар да бар. Жыныстық қатынастың мұндай «жабайы» түріне таңертеңгі уақыт қолайлы және оның әсері де керемет болмақ. Тәтті толқындарда шомылып жатып, қабырғаның ар жағындағы көршілерді де, біраздан кейін болатын маңызды жиналыс туралы да ұмытасыз. Аты айтып тұрғандай, ештеңеге мән бермей жануарларша ырылдап, серігіңді тістелеп, бір сәтке жабайы аңға айнал. «Шабандоз» және «догги стайл» дене қалыптарын пайдаланудың ең оңтайлы сәті сізге естен кетпес құмарлық қуанышын сыйлайды.

3.Қарапайым төсек қатынасы

Аты айтып тұрғандай, жыныстық қатынастың бұл түрімен кез-келген жұп айналыса алады. Ерекше «жаңалықты» қажет етпейтін кәдуілгі қатынастың бұл түрінің ләззаттың ұшар шыңына жеткізеді деп айту қиын. Қарапайым, күнделікті жыныстық қатынастан алатын әсердің сапасы орташа болады. Ол адамның есі кететіндей әсер бере алмайды. Алайда, көптеген жұптар БІРІНШІ немесе ЕКІНШІ дене қалпын қолдану арқылы тамаша ләззат ала алады. Олар көбінде қатынастарын аймаласу, сүйісу сияқты әрекеттермен түрлендіреді. Ал солар өз кезегінде уақыт өте келе жалықтырып жібереді. Бірақ аз әрекет ете отырып-ақ ләззат алуды қалайтын жандарға мұндай тәсіл керек-ақ. Тіпті, құштарлығы басым жандардың арасында жыныстық қатынастың бұл түрін қалайтындар баршылық. Оның үстіне серігіңізді жақсы білген жағдайда еш ойланбастан төсекте неше түрлі тәжірибелерді жасап көруге болады. Егер сүйіктіңізге ләззат сыйлаудың тым болмаса 1 тәсілін білетін болсаңыз, бұл тәжірибелердің нәтижесіз болмасына сеніңіз.

4.БАЯУ жыныстық қатынас түрі

Оргазмға жетуге асықпай, сүйіктіңізді аймалай сүйіп, оған деген нәзік сезіміңізді барынша жеткізуге тырысыңыз. Баяу қимылмен жүзеге асатын жыныстық қатынастың бұл түрін кейбіреулер тіпті, ләззат алуға қолайсыз деп есептеуі де мүмкін. Алайда, екі ғашықтың бір-біріне деген құштарлықтарының деңгейін дәл осындай «қимыл-қозғалыс» көрсетпек. Өйткені, баяу қимыл барысында адам әрбір қимыл-әрекеттен, аймалаудан, сүюден болған әсерді толығымен сезініп отырады да, миы шексіз ләззаттың құшағына енеді. Еріңізге еліртетін хош иісті майларды (плюмерия, даршын, анар майлары) қолданып, массаж жасай отырып, құлағын тәтті сөздермен қытықтаңыз. Содан соң ақырындап бүкіл денесін сүюге кірісіңіз. Бұл кезде уақыт туралы мүлдем ұмытқан дұрыс. Сіз үшін ең басты мақсат -серігіңізге ләззат сыйлау емес пе?..

5.ШҰҒЫЛ қарым-қатынас

Жыныстық қатынастың мұндай түрін қолдамайтын адамдар көп. Дегенмен, мамандар ерлер арасында олардың жыныстық қатынаста нені қалайтындықтары туралы сауалнама жүргізген. Нәтижесінде олардың көбінесе кенеттен аяқасты болатын қатынасты қалайтыны белгілі болды. Сонымен қатар, еркектер әйелдердің өздігінен қозуын қалайды екен. Олай болса, бұл біздің қолымыздан келеді. Эротикалық тосынсый үшін оның таңертеңгі жаттығулардан кейін себезгі қабылдап жатқан кезі өте қолайлы болмақ. Бастысы, мұндай қатынас ол күтпеген уақытта және күтпеген жерде болуы керек.

6.ӘЙЕЛ басымдық ететін жыныстық қатынас

Әрине, төсек қатынасы барысында әйелдің басымдық алғаны барлығына бірдей ұнай бермеуі мүмкін. Дегенмен, жатын бөлме ойынына түрлендіру енгізіп көріңізші. Еркектер ондайда қоза түседі. Өйткені, әйелдің емеурінін сезінген еркек әйелдің бар тілегін орындап, оның көңілінен шығуға тырысады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары