Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде елдегі бірқатар проблемаларды тізіп, алдағы уақытта соған жұмыс істейтітін айтты.
Ант беру кезінде Тоқаев ең алдымен жемқорлықпен күресуге уәде етті. Содан кейін әлеуметтік проблемаға ойысты.
«Халықты толғандырып отырған басты мәселе - табыс көлемінің азаюы. Халықаралық қаржы нарықтарының тұрақсыздығы, теңгенің девальвациясы халықтың табысына кері әсер етті. Миллионнан астам азаматымыз банктен несие алуға мәжбүр болды. Табысы жоғары және төмен азаматтардың арасындағы алшақтық - қоғамды мазалайтын тағы бір өзекті мәселе. Әрине, мұндай құбылыстар бүкіл әлемде бар. Дегенмен, тоқмейілсіп отыра беруге болмайды. Сондықтан, дәл осы өткір әлеуметтік, экономикалық және саяси мәселені шешу, ортақ мерзімді кешенді шаралар қабылдау қажет. Қоршаған ортаның қазіргі мүшкіл халі - көпшіліктің көкейіндегі мәселе. Сондықтан елімізге бірыңғай экологиялық саясат қажет», - деді Мемлекет басшысы.
Тоқаев елдегі таза ауыз су мәселесі де шешілетінін жеткізді.