Енді Микки Маус бейнеленген ескі іш киім киюдің немесе тампон салудың маңызы жоқ.
De Monfort университетінің студенті (Лестер, Англия) етеккір кезінде де киюге болатын әйелдің шілтір сәнді іш киімін ойлап тапты, деп хабарлайды wmj.ru Mirror басылымына сілтеме жасай отырып.
21 жасар Сиан Хикки (Sian Hickey) «неғұрлым ыңғайлы және одан да жақсы» деген ойға қарсы шыға отырып, әйелдерге етеккір өткізбейтін іш киім мен бодиді сән индустриясына енгізуде.
Қыздың ұсынған фотосуреттерінен мөлдір шілтір дене түстес және қара түспен жиектелген іш киімдерді байқауға болады.
Студенттің айтуынша, іш киімнің ішінен қосымша гигиеналық құралдарды қолданудың қажеттілігі жоқ. Оны күнделікті жуу арқылы тампонсыз және төсемесіз 18 айға дейін киюге болады.