ШҚО-да коммуналдық қызметкерлер қорғаныс құралдарынсыз канализациялық люкке түсіп, метаннан уланып қалды. Оқиға салдарынан темір ұстасы болып қызмет еткен азамат қаза тапты деп жазады 24.kz арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Оқыс оқиға Зайсан қаласында орын алған. Басылымның ақпаратынша, үш коммуналдық қызметкерлер қауіпсіздік шараларын іске асырмай, канализацияға қорғаусыз түсіп кеткен.
45 жастағы темір ұстасы оқиға орнында жан тапсырды. Қалған екеуінің жанын аман алып қалды. Көлік жүргізушісі бірден ауруханаға жеткізілсе, дәнекерлеуші медициналық көмек көрсетілген соң үйіне қайтарылған.