14.06.2019, 23:22

Сайлау күні митингіде Ұлттық гвардия жауынгері мен оған гүл сыйлаған кішкентай қыз кездесті

Коллаж: SN.kz
Айтуынша, жауынгер жігіт оларды сыйлықпен қарсы алып, алғыс айтқан.

Сайлау күні митингіде Ұлттық гвардия жауынгері мен оған гүл сыйлаған кішкентай қыздың суреті желіде қызу талқыланған болатын. Жауынгер Шәміл Хасанов пен кішкентай қыз елордада кездесті. Бұл туралы қыздың анасы Саяжан Досжанова өзінің İnstagram-парақшасына жазды. 

Айтуынша, жауынгер жігіт оларды сыйлықпен қарсы алып, алғыс айтқан. 

«Шәміл қызыма шоколад пен қуыршақ берді. Ал маған раушан гүлін сыйлады. Жас жауынгерлер кішкентай қызым үшін гитарамен айт айтып берді. Рахмет, жігіттер!», - деп жазды ол. 

Айта кетейік, Досжанова журналист боп қызмет атқарады.