Жаңалықтар 15.06.2019 сағат 09:50

ШЫҰ аясында Бішкек декларациясы қабылданды

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары мұнан бөлек 13 құжатты рәсімдеді.
ШЫҰ аясында Бішкек декларациясы қабылданды
Фото: inform.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесі 19-отырысының қорытындысында Бішкек декларациясына қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары мұнан бөлек 13 құжатты рәсімдеді. Олардың қатарында 2018-2023 жылдарға арналған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің есірткіге қарсы стратегиясын орындау бойынша іс-қимыл бағдарламасының тармақтарын жүзеге асыру жөніндегі жұмыс жоспарын бекіту туралы, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер өңір басшыларының форумы регламентін бекіту туралы,  ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өңіраралық ынтымақтастығын дамыту бағдарламасын бекіту туралы,  ШЫҰ хатшылығы мен БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы, ШЫҰ хатшылығы мен Дүниежүзілік туристік ұйым арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы, ШЫҰ хатшылығы мен "Астана" халықаралық қаржы орталығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы шешімдер бар.

Сонымен қатар Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесі аясында ұйымға мүше елдердің мемлекеттік органдары арасында да бірқатар құжаттар қабылданды.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар