15.06.2019, 10:20

Қазақстан мен Өзбекстан Арал түбіндегі шекараны қайта белгілейді

Фото: Sputniknews.kz.
Өзбекстан сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, көрші елдер Аралдың құрғап кеткен бөлігінде далалық демаркациялық жұмыстар жүргізуге келісті.

Тартылып кеткен Арал теңізінің түбінде мемлекеттік шекараны белгілеу жоспары Жизақ қаласында өткен Өзбекстан-Қазақстан демаркациялық комиссиясының кезекті отырысы кезінде айқындалды, деп жазады Sputnik.  

Өзбекстан сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, көрші елдер Аралдың құрғап кеткен бөлігінде далалық демаркациялық жұмыстар жүргізуге келісті.

Отырыс қорытындысы бойынша хаттамаға Қазақстан сыртқы істер министрлігінің өкілі Зүлфия Аманжолова мен Өзбекстанның жер ресурстары, геодезия, картография және мемлекеттік кадастр жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Тулкин Абдуллаев қол қойды.