Алматы қаласының бір караокесінде шетелдіктерге арналған притон анықталды, деп хабарлайды КТК.
Бұл мекемеде ән айтудан бөлек, интимдік қызмет те көрсетілген екен.
Полицияның арнайы операциясы барысында аталмыш орыннан жеңіл жүрісті 23 қыз ұсталды. Олармен бірге Оңтүстік Кореялық 15 азамат көңіл көтерген екен.
Полиция қызметкерлері жезөкшелерді бөлімшеге алып кетіп, айыппұл салып, босатты. Ендігі кезекте полиция притон ұйымдастырушысын анықтап жатыр.