15.06.2019, 11:58

Алматыда газ бен тежегішті шатастырған бойжеткен полицейді қағып кетті

Фото: sputniknews.kz
Түрлі жарақат алған жол полициясының қызметкері жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Алматыда Төле би мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында жол полициясының қызметкерін көлік қағып кетті, деп жазады Sputnik.

Куәгерлердің айтуынша, Hyundai Sonata автокөлігі Өтеген батыр көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан, осы кезде реттеуші көлік ағынын тоқтатпақ болады.

Рөлде отырған қыз реттеушінің талабын орындаудың орнына газды басып, оны бар жылдамдықпен қағып кеткен.

Түрлі жарақат алған жол полициясының қызметкері жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.