$ 494.87  520.65  4.91

Президенттік тағайындаулар сайлауалды бағдарламалардың нәтижесі - сарапшы

Сонымен қатар, Еркебұлан Аманғосов «Президенттің соңғы тағайындауларының логикасын және бірізділігін оның сайлауалды бағдарламасынан байқауға болады.
Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басқаруға келген тұлғалардың өзінің жасақтауындағы командасымен келуі үйреншікті үрдіс. Мұны көрші елдерден де аңғару аса қиын емес. Қазақстанның тарихында отыз жылдан кейінгі болған өзгеріс тізгіншісі, жаңа басшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың командасының болуының қаншалықты маңызды екендігі жөнінде Еуразиялық интеграция институтының әлеуметтік зерттеулерді ұйымдастыру және үйлестіру департаментінің бас сарапшысы Еркебұлан Аманғосовтың пікірін сұраған едік.  

Бұл тұрғыда «ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың серіктестерден құралған командасы жоқ, алайда ол өзінің сайлауалды бағдарламасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатын одан әрі жалғастыруды жария еткен болатын. Сондықтан президенттің командасы ретінде жалпы мемлекеттік апаратты қабылдаған жөн», - дейді әлеуметтік зерттеу орталығының бас сапарпшысы Еркебұлан Русланбекұлы.  

Оның пайымдауынша, Елбасының қарамағындағы азаматтармен жұмыс жасау, бұл бір жағынан  қызмет барысында президент ретіндегі мүмкіндіктерін жан-жақты байқатуға, ал екінші жағынан қатардағы қызметкерлерді қабілетіне қарай бағалауға мүмкіндік береді екен. 
Сонымен қатар, Еркебұлан Аманғосов «Президенттің соңғы тағайындауларының логикасын және бірізділігін оның сайлауалды бағдарламасынан байқауға болады.

Оның тағайындалған бірқатар кеңесшілері өз қызметтерін жоғары деңгейде атқарып келеді. Дипломаттық ортада қалыптасқан Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекетті басқару бағытындағы қабілетін оның жан-жақтылығы мен бірнеше тілді еркін меңгергендігі айқындап келеді. Соған орай оның командасының қызметі де ширақ, әрі нәтижелі болуы маңызды» екенін алға тартады.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары