17.06.2019, 16:45

Із-түзсіз жоғалып кеткен Ақмола облысының тұрғыны елордадан табылды

Іс - шараның негізгі мақсаты-белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарды, есірткі притондарын және басқа да мүмкін болатын заңсыз және есепке алынған контингентті анықтау.

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері хабар-ошарсыз жоғалып кеткен 39 жастағы Ақмола облысының тұрғынын тапты. Бұл туралы Елорда Инфо Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Учаске» жедел алдын-алу іс-шарасын өткізу аясында елордалық полицейлер Нұр-Сұлтан қаласының "Байқоңыр" ауданы аумағында белгілі тұрағы жоқ адамдардың жиналатын орындары бойынша, яғни жылу трассалары, қоқыс тастайтын жерлер, қараусыз қалған ғимараттар мен жертөлелерде жергілікті-рейдтік іс-шараларды өткізді.

Іс - шараның негізгі мақсаты-белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарды, есірткі притондарын және басқа да мүмкін болатын заңсыз және есепке алынған контингентті анықтау.

2 күн ішінде учаскелік полиция инспекторларымен Нұр-Сұлтан қаласы Әкімдігінің қиын-өмірлік жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығына белгілі тұрғылықты жері жоқ 40-қа жуық тұлға жеткізіліп, оларға медициналық көмек көрсетілді.

«Сонымен қатар, жеткізілген адамдардың арасында хабар-ошарсыз жоғалып кеткен Ақмола облысының 39 жастағы тұрғыны анықталды. Қазіргі уақытта тұрғын жақын туыстарына берілді»,- деп көрсетті тәртіп сақшылары.