Жаңалықтар 17.06.2019 сағат 17:38

Алматыда автокөлік жүргізіп келе жатқан ер адам қайтыс болды

Жүргізуші сол жерде көз жұмды. Алдын ала болжам бойынша, марқұмның жүрегі тоқтап қалған.
Алматыда автокөлік жүргізіп келе жатқан ер адам қайтыс болды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жол-көлік оқиғасы Алматыдағы Жандосов пен Яссауи көшелерінің қиылысында болған. Бұл туралы мәлімет Instagram әлеуметтік желісіндегі @chp_kz парақшасында жарияланды. 

Куәгерлердің айтуынша, Daewoo Nexia автокөлігінің Яссауи көшесімен солтүстік бағытқа бұрылып жатқан. Осы кезде көлік жүргізушісі есінен танып, рөлге ие бола алмай қалған. Ал көлік жол жиегіне соққан. 

Жүргізуші сол жерде көз жұмды. Алдын ала болжам бойынша, марқұмның жүрегі тоқтап қалған. 

Оқиғаның мән-жайын жергілікті полицейлер тексеріп жатыр. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар