19 маусымнан бастап барлық ақылы жолдарда жол жүру ақысына дифференциалды тариф енгізіледі, деп хабарлайды Елорда Инфо «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұр-Сұлтан – Щучинск, Нұр-Сұлтан – Теміртау бағытындағы жолдардың қолма-қол төлеу ақысы 400 теңге болса, алдын ала онлайн төлеу 200 теңгені құрайды. Ал Алматы – Қапшағай бағытындағы жолдың қолма-қол төлеу ақысы – 200 теңге, алдын ала онлайн төлеу ақысы – 100 теңге. Сондай-ақ Алматы – Қорғас бағыты бойынша жол жүретін жүргізушілер қолма-қол 600 теңге, алдын ала онлайн түрде 300 теңге төлеуі тиіс. Жол ақысын бірқатар екінші деңгейлі банктің интернет-банкингі мен терминалдар арқылы және телефон теңгерімінен, сол сияқты Kazdriver қосымшасы арқылы төлеуге болады. Ал заңды тұлғалардың келісімшартқа отыруына мүмкіндік бар.